Компания тарихы
EurAsiaTransit 1998 жылы шілде айында Алматы Халықаралық әуежайында уақытша сақтау қызметтерін ұсынатын GroundHandling агент ретінде негізі қаланды.
2000 жылы EurAsiaTransit транзитті жүк ағысын тарту мен әуежайдың жүк айналымын арттыру мақсатында Алматы Халықаралық әуежайда транзитті-трансферлі аймақ құрды. EurAsiaTransit – Орталық Азияда транзитті жүктерді рәсімдеудің жеңілдетілген сызбасын әзірлеген бірінші компания.
2004 жылдан бастап EurAsiaTransit клиенттердің жеке мұқтаждықтарын ескере отырып, сақтау мен тасымалдау бойынша кең қызмет түрлері мен шешімдерді ұсынатын 3PLпровайдер болып табылады.
Бүгінгі таңда EurAsiaTransit көлемді емес және салмағы ауыр жүктерді әуе тасымалы, теңіз тасымалы, теміржол тасымалы, автокөлікпен тасымалдау, көлемді емес және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау, сақтау мен кедендік рәсімдеу саласы бойынша кең қызмет түрлерін ұсынатын Қазақстанның көшбасшы логистикалық компанияларының бірі болып табылады.
EurAsiaTransit Қазақстан Кәсіпкерлерінің Ұлттық Палатасының шеңберінде Кедендік Кеңестің (РФ, Қазақстан және Беларусь) заңнамасының жетілдіруге белсенді ат салысып отырады.
EurAsiaTransit күрделі логистикалық міндеттерді шешуде сенімді серіктестік ретінде танымал.