Әуе тасымалдары
Әуе тасымалдары саласында EurAsiaTransit қызмет түрлері клиенттеріміздің логистикалық талаптарын қанағаттандырады және оған кіреді:
- Ерекше өңдеу, тасымалдау мен сақтауды талап ететін жүктерді арнайы әуе тасымалдары;
- Әлем бойынша әуе көлігімен жүктерді экспресс жеткізу;
- Көліктің екі немесе одан көп түрлерін (мысалы, әуе және теңіз) пайдаланумен интермодальді тасымалдар.
Біз клиенттерімізге жеткізу уақыты, бағыттар мен өңдеу түрлері мен мөлшерлеменің жоғары икемділігімен әуе тасымалдары бойынша қызметтердің толық түрлерін ұсынамыз.
Біз нарықтың жалпы 50% -дан аса көлемін ұйымдастыра отырып, Қазақстандағы әуе тасымалдары бойынша көшбасшы болып табыламыз.
EurAsiaTransitтің бірқатар әуе желілерімен тікелей агенттік келісімдері бар, бұл бізге әуе тасымалдары бойынша бәсекеге қабілетті мөлшерлемелер ұсынуға мүмкіндік береді және рейстерді тиеу бойынша басымдылыққа ие. Біздің серіктес әуе желілерге кіреді: Air Astana, Lufthansa,KLM, Turkish Airlines, Asiana, Bmi, Czech Airlines, Air Arabia, Mahan Air, Hainan Airlines, Turkmeniston Havo Yollary, Uzbekistan Airways, Somon Air, Tadjik Air, Ukraine International Airlines, Transaero, SCAT, Bek Air және басқалар.
Біз әуе тасымалдарымен байланысты төмендегі қызметтерді ұсынамыз:
- Бас жүктердің әуе тасымалы;
- Көлемі үлкен емес және салмағы ауыр жүктердің әуе тасымалы;
- Қауіпті жүктердің әуе тасымалы;
- Жылдам бұзылатын жүктердің логистикасы;
- Жеткізу бағыттарын әзірлеу;
- Көлік шығындарын оңтайландыру мөлшерлемелерін есептеу;
- Көлік құжаттарын рәсімдеу;
- Жүк ыдыстарын резервтеу және қамтамасыз ету;
- Кедендік рәсімдеу;
- Жүктерді сақтандыру;
- Жолда жүктерді қадағалау;
- Орама;
- Консолидация (бір партияға жүктерді біріктіру);
- Әуе тасымалы саласында консалтинг;
- Жүк чартерлік рейстерді ұйымдастыру.
EurAsiaTransit бәсекелестерден бір қадам алда болу үшін үнемі өзінің қызмет көрсету портфелін кеңейтуге және жақсартуға тырысып отырады.