Автокөлік тасымалдары
EurAsiaTransit Қазақстан мен Орталық Азияда, ТМД елдерінде, Батыс Еуропада, Қытай мен Оңтүстік Шығыс Азияда халықаралық серіктестер желілері арқылы жүкті есігіне дейін өз уақытында жеткізу бойынша (жүк автокөліктерінің жекеменшік паркін пайдалана отырып) сенімді қызметтер ұсынады.
Біз жүк автокөліктерін толық және жартылай тиеу бойынша жеке шешімдер ұсынуға дайынбыз.
Бізде жүк көтерілімділігі 1.5-тен 20 тоннаға дейін жүк автокөліктерінің жекеменшік паркі бар, олар Қазақстан территориясы бойынша құрғақ жүктерді тасымалдауда пайдаланылады.
ЕврАзияТранспорт Азия мен Еуропаның өндіріс және тұтыну экономикасы арасында көпір жасай отырып, Қазақстанның транзитті әлеуетін пайдалана, Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс, ТМД және Орталық Азия елдерінен/елдеріне, сондай-ақ, Оңтүстік Шығыс Еуропа мен Қытайдан/Қытайға көлік қызметтерін ұсынады.
Біздің автокөлік тасымалы бойынша көрсететін қызметтеріміз:
- Қазақстан Республикасы бойынша жүктерді жеткізу;
- Кедендік тасымалдаушы рұқсатнамасы бойынша жүктерді тасымалдау;
- Халықаралық автокөлік тасымалдарын ұйымдастыру;
- Температуралық режимді сақтай отырып, автокөлік тасымалдарын ұйымдастыру;
- Курьерлік жүктерді жеткізу;
- Алматы қаласы бойынша жүктерді жеткізу;
- Автокөлік тасымалы қауіпсіздігінің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету және жүктердің қозғалысын диспечерлеу;
- Толық және жартылай тиеу (FTL иLTL);
- Консолидация;
- Интермодальді тасымалдау;
- Жеткізу бағыттарын әзірлеу;
- Тауарлардың ілеспе құжаттарын рәсімдеу;
- Кедендік рәсімдеу.
EurAsiaTransitтің автокөлік тасымалы бойынша қызмет түрлерін жүкті жинаудан оны жеткізуге дейін сәйкес келетін интермодальді шешімдерді ұсыну үшін барлық басқа да логистикалық көлік қызмет көрсету түрлерімен қиыстыруға болады.