Біздің міндетіміз және стратегия
EurAsiaTransit - Қазақстанның алғашқы және ірі логистикалық және көлік компанияларының бірі.
Біз жүктерді жөнелту, қоймаларды басқару, кедендік рәсімдеу мен әртүрлі салаларда:
- сауда;
- құрылыс;
- металлургия және тау-кен;
- тамақ;
- мұнай-газ;
- энергетика;
- фармацевтика;
- автокөлік;
- өндіруші кәсіпорындарда жұмыс істейтін клиенттерге логистикалық қолдау көрсету бойынша қызмет түрлерін ұсынамыз.
EurAsiaTransit жаһандық және жергілікті әуе, теміржол, автокөлік және теңіз көліктерінің қызметін жеткізушілермен серіктестік қарым-қатынастар орнатты.
Біздің міндетіміз
Адамзат игілігі үшін бизнес жүргізудің ең жоғарғы стандарттарын ескере отырып, клиенттерімізге тиімді және инновациялық қызмет түрлерін ұсыну.
Мақсат
Біздің стратегиялық мақсатымыз – EurAsiaTransit позициясын Орталық Азиядағы көшбасшы логистикалық компания ретінде нығайту.
EurAsiaTransit стратегиясының шеңберіндегі негізгі міндеттер мыналар:
- Жеке логистикалық шешімдердің кең түрін ұсынатын 4PL провайдердің қызметтерін көрсету;
- Қазақстан мен Орталық Азияның ірі индустриалды жобаларына (мемлекеттік және коммерциялық тендерлер) қатысу;
- Мұнай-газ, кен өндіруші мен өңдеуші салаларда Компанияның құзыреттілігін дамыту;
- Азия мен Еуропаны байланыстырушы көпір ретінде Қазақстанның транзитті әлеуетін пайдалану;
- Қазақстанның логистикалық саласында жергілікті жеткізушілердің көшбасшысы болу;
- Жаһандық франшизалар құру үшін негізгі аймақтардағы (РФ, Орталық Азия, Азия, Еуропа, Таяу Шығыс пен Африка) агенттер мен серіктестердің желісін кеңейту;
- Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік дамуына белсенді үлес қосу.