Құрметті сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары!
Сіздерге, ”ЕАТ”ЖШС Компаниясы әрекеттегі бизнесті жүргізуде қызметтік қолдауды ұсыну тәртібі туралы Ереже бойынша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуіріндегі № 30 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы - 2020» Бағдарламасына (ары қарай - Бағдарлама) сәйкес әзірленген қызмет көрсету компанияларының қатысуымен өткен Қызмет көрсету Компаниясын таңдау байқауында жеңіске жеткенін хабарлаймыз.
Қызмет көрсету Алматы қаласының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне көрсетіледі. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін қызметтер тегін көрсетіледі.
Қызмет көрсету компаниясының міндеттеріне кедендік рәсімдер бойынша Қызметтер жатады:
Алматы қаласының барлық аудандарының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне кедендік рәсімдер мәселелері, сондай-ақ төмендегі мәселелер бойынша білікті кеңес беріледі және қызмет көрсетіледі:
- Кедендік заңнама мен кедендік рәсімдер салаласында кеңес беру;
- Тауарларды декларациялау ережелері мен тәртібі, кедендік құнды анықтау мен түзету, кеден декларациясын толтыру бойынша кеңес беру;
- Нақты тауарлар бойынша тарифтік және тарифтік емес реттеу бойынша кеңес беру;
- Сыртқы экономикалық қызметті құжаттық алып жүру;
- Сыртқы экономикалық қызмет үшін лиценция, рұқсат қағазын алу бойынша кеңес беру;
- Кедендік Кеңес шеңберінде жүктерді декларациялау бойынша кеңес беру;
- Сыртқы сауда келісімшарттардың шарттары бойынша кеңес беру қызметтері;
- Кәсіпкерлерге анықтамалық ақпарат берумен бірге ақпараттық қызметтер;
- Шеберлік сыныптарын өткізуді ұйымдастыру;
- Талдау, кеңес беру, оқыту іс-шараларын өткізудің заманауи әдістерін қолдану.
Қызмет көрсету төмендегі тәртіппен өткізіледі:
- ШОК субъектісі жүгінген кезде Қызмет көрсету компаниясының қызметкері оған міндетті түрде толтыру үшін Сауалнама-тапсырысты ұсынады (Сауалнама-тапсырыс формасы қоса берілген);
- Қызмет көрсету компаниясының қызметкері ШОК субъектісімен қызмет көрсету қызметтерін көрсетуге шарт жасасады;
- Сәйкес сапа мен толық көлемде орындалған қызмет көрсетілгеннен кейін Қызмет көрсету компаниясы мен ШОК субъектісі орындалған жұмыстар Актісіне қол қояды (Акт формасы бірге берілген);
- Көрсетілген қызметтер сапасын бағалау үшін ШОК субъектісіне міндетті түрде толтыру үшін көрсетілген қызметтердің сапасын бағалау үшін Сауалнама беріледі (Сауалнама қоса берілген).
ШОК субъектісі әрекеттегі бизнесті жүргізу бойынша бекітілген қызмет көрсету қызметтері шеңберінде тұрақты негізде кешенді қызмет көрсетуді алуға құқы бар;
ШОК субъектісінің қалауы бойынша, ол ауызша, сондай-ақ жазбаша түрде ақпарат ала алады;
ШОК субъексінің қалауы бойынша, оған Қызмет көрсету компаниясы шағымдар мен ұсыныстар кітапшасын беруге міндетті.
Кедендік рәсімдер бойынша консалтингтік қызметтер алу үшін Сіз мына мекен-жайға хабарласа аласыз:
Алматы - Главный офис
Бизнес-центр "отель Rixos Almaty"
8-й этаж, Сейфуллина. 506/99
050012, Алматы
Республика Казахстан
Тел: +7 727 267 58 25
Тел: +7 727 272 87 60
Тел: +7 727 326 99 99 (вн. 144)
Электронная почта: consult@eat.kz
Контактное лицо: Тушин Евгений Викторович
Контактное лицо: Ксанова Перизат